Жобалар

Мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау кезінде тапсырыс берушімен туындаған жұмыс құнын 300 млн. АҚШ долларынан астам сомаға арттыру туралы даулы жағдайға байланысты қытайлық бас мердігерге кеңес беру

Құны 70 млн. АҚШ долларына жуық салықтық және экологиялық дауда мұнай өндіруші бірлескен кәсіпорынның

Электронды құжат айналымына өту бойынша мұнай-газ секторындағы компанияларға кеңес беру.

Ондаған миллиард теңгені арқау еткен әртүрлі құрылыс даулары кезінде (20-дан астам) Қазақстандағы мұнай-газ құрылысы саласындағы аса ірі компанияларға сегіз жыл бойы кеңес беру және өкілдік ету (қосымша жұмыстардың құнын өндіру, келісімді даулау, қорғау механизмін жасау, қазақстандық соттардың юрисдикциясына негіз салу, арбитраждық келісімдерді айналып өту, банк кепілдемелерін даулау және т.б.)

Жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам келісімдердің салық дауы бойынша салық төлеушілердің

Қазақстанда шетелдік телеарналарды қайта тарату талаптары, шетелдік телеарналарды қайта есепке қою және басқа да құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттің қатысуымен шетелдік медиакомпанияларға кеңес беру.

Оңалту және банкроттық мәселелері бойынша 15-тен астам компанияға кеңес беру және өкілдік ету (оның ішінде Қазақстандағы қағаз өңдеу саласындағы ірі компанияларға, сондай-ақ мұнай компанияларына)

Жария етілмеген ақпараттарды қорғау туралы дауларда бірнеше халықаралық биофармацевтикалық компанияның

Қазақстанда VoIP-қызметтерді қоса алғанда интернет-қызметін көрсетуге қатысты әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық компанияларға консультация беру.

Қазақстандағы металлургия саласындағы ірі компанияларға алаяқтық, шығынды өтеу, келісімді даулау және тағы да басқа мәселелер бойынша 10-нан астам сот ісін жүргізуге кеңес беру және өкілдік ету

Акционерлер құқығының бұзылуына, сондай-ақ бағалы қағаздармен жасалған операцияларға салық салу мәселелері бойынша ірі банктермен туындаған дауларда шетелдік хедж-қорлардың

Бірлескен кәсіпорын серіктестері арасындағы өнертабыс құқығының бұзылуы туралы, оның ішінде өнертабыстың патентке қабілеттілігіне, зияткерлік меншік құқығының бұзылуы туралы даулардың талап ету мерзіміне және басқа да мәселелер бойынша дауларға кеңес беру.

Лондондағы халықаралық арбитражда талап қою мерзімі мәселелері бойынша туындаған (ҚР АК авторларының біріне эксперт ретінде оппонент болу) құрылыс дауына байланысты ҚР құқығы бойынша эксперт ретінде қызмет атқару; ҚР азаматтық құқығы, сондай-ақ оңалту және банкроттық саласындағы заңнама мәселелері бойынша шетелдік соттар мен арбитраждар (Англия, Ресей, Кипр, Германия) үшін 10-нан астам сараптамалық қорытындылар дайындау.

Алматы қаласындағы жаңадан салынған бизнес-класс тұрғын үй кешенін бұзу туралы дауда ірі құрылыс компанияның мүддесін қорғады.

Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері шеңберінде тауарлық белгілерге деген құқықтарды қорғау бойынша , оның ішінде пайдаланылмауына байланысты сауда белгілерінің күшін жою, тауарлық белгілерге деген құқықтарды бұзу бойынша дауларда өкілдік ету, тауар белгілерін ТМД елдері зияткерлік меншік нысандарының кедендік реестріне қосуға байланысты әлемдегі аса ірі алкогольсіз сусындарды өндірушіге қызмет көрсету.