Жобалар (Наталия Шаповалова)

Электронды құжат айналымына өту бойынша мұнай-газ секторындағы компанияларға кеңес беру.

Қазақстанда шетелдік телеарналарды қайта тарату талаптары, шетелдік телеарналарды қайта есепке қою және басқа да құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттің қатысуымен шетелдік медиакомпанияларға кеңес беру.

Қазақстанда VoIP-қызметтерді қоса алғанда интернет-қызметін көрсетуге қатысты әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық компанияларға консультация беру.

Бірлескен кәсіпорын серіктестері арасындағы өнертабыс құқығының бұзылуы туралы, оның ішінде өнертабыстың патентке қабілеттілігіне, зияткерлік меншік құқығының бұзылуы туралы даулардың талап ету мерзіміне және басқа да мәселелер бойынша дауларға кеңес беру.

Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері шеңберінде тауарлық белгілерге деген құқықтарды қорғау бойынша , оның ішінде пайдаланылмауына байланысты сауда белгілерінің күшін жою, тауарлық белгілерге деген құқықтарды бұзу бойынша дауларда өкілдік ету, тауар белгілерін ТМД елдері зияткерлік меншік нысандарының кедендік реестріне қосуға байланысты әлемдегі аса ірі алкогольсіз сусындарды өндірушіге қызмет көрсету.