TUKULOV & KASSILGOV LITIGATION ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӨРТ ЗАҢГЕР СТУДЕНТКЕ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМАҒА СТИПЕНДИЯ ТАҒАЙЫНДАДЫ

Естеріңізде болса, осы жылдың жазында біз Қазақ ұлттық университетінің, сондай-ақ Каспий қоғамдық университетінің заңгер-студенттеріне стипендия тағайындалатыны туралы хабарлаған болатынбыз. Толығырақ: https://www.tkl.kz/kz/social-responsibility

Біз келіп түскен барлық өтінімдерді қарастырдық және олардың ішінен төрт өтінімді іріктеп алдық. Төменде біздің заңгерлік фирмамыздан 2021-2022 оқу жылдары үшін атаулы стипендия алатын стипендиаттардың тізімі берілген:

1. Адиль Камидулла - Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенті. Адвокат болуды армандайды. Керемет қарапайым және болашақ заңгер. Оған бір жылға оқу ақысы түрінде стипендия тағайындалды;

2. Балжан Қадырберген - Каспий қоғамдық университеті Заң факультетінің 2 курс студенті. Тергеуші болуды армандайды. Өте қарапайым, бірақ мықты қыз бала. 2021-2022 оқу жылына айына 100 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия тағайындалды;

3. Руслан Тлеулин - Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің 4 курс студенті. Азаматтық құқықты ұнатады. Жас жігіт өмірдегі қиындықтарға қарамастан көп нәрсеге қол жеткізді. 2021-2022 оқу жылына айына 100 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия тағайындалды;

4. Алмаз Тажибаев - Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің 4 курс студенті. Адвокат болуды және халықтың әлеуметтік осал топтарына олардың құқықтарын қорғауға көмектесуді армандайды. Бір жылға оқу ақысы түрінде стипендия тағайындалды. Tukulov & Kassilgov Litigation серіктесі - Наталья Шаповалова оның менторы болуға, оның оқуы мен мансабын бақылауды мойнына алды.

Жоғарыда аталған барлық студенттер жақсы оқу үлгеріміне, университеттен тыс түрлі жетістіктеріге ие, сондай-ақ олар өз бетімен қосымша ақша табуға және отбасыларына көмектесуге тырысады. Біз оларға сәттілік тілейміз, өздеріне деген сенімін сақтап, мамандыққа адал болуларын тілейміз.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің досымыз Заира Сарсеноваға стипендия қорына 1 миллион теңге көлемінде қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Сондай – ақ, Динара Садвакасоваға - "Huntme" HR агенттігіне осы бастаманы іске асыруда техникалық қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

Біз Tukulov & Kassilgov Litigation бүкіл командасына, сондай-ақ осы бастаманы іске асыруға қосқан үлесі үшін клиенттерімізге алғысымызды білдіреміз. Сіздердің әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз бізге осы бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал стипендиаттардың қуанышқа толы көздері біздің күнделікті жұмысымызды мағыналы етеді. Біз барлық заң қауымдастығын осы бастамаға қосылуға шақырамыз.

Құрметпен,

ТКЛ командасы