ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге жауапты тұлғаның қызметі

Дербес деректерді (ДД) жинауға және өңдеуге жауапты тұлғаның аутсорсинг қызметі:

- ДД-ны жинауға және өңдеуге жауапты департаментті іске қосу;

- Компания қызметінің бекітілген процесс пен рәсімдерге сай келуін бақылауды орындау;

- ДД субъектілерінің өтініштерімен жұмыс (арыз, шағым);

- Мемлекеттік органдармен қарым-қатынас;

- Қызметкерлер үшін тренингтер өткізу.

Процесс және рәсімдер аудиті

ДД-ны жинау, пайдалану, сақтау және беру бойынша ішкі процестер мен рәсімдерге аудит жүргізу, ДД туралы заңнамаға сәйкестігін бағалау, анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар.  

Саясатты және басқа да құжаттарды әзірлеу және бейімдеу, саясатты жаңарту

ДД туралы саясатты және басқа да ішкі құжаттаманы әзірлеу, мәселен:

- ДД құпиялылығын қамтамасыз ету бойынша саясат;

- ДД туралы заңнама талаптарын компаниялардың және оның жұмысшыларының сақтауын бақылауды жүзеге асыру саясаты;

- Деректер субъектілерінен сұраныстарды қабылдау және өңдеу саясаты;

- ДД туралы заңнама талаптарының бұзылуын жою саясаты;

- ДД-ны жинау және өңдеуге келісім хат;

- Шетелдік ДД рәсімдерін ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес бейімдеу;

- ҚР заңнамасының өзгеруіне байланысты саясат пен басқа да құжаттарға өзгерістер енгізу.

Оқыту

ДД туралы заңнама бойынша қызметкерлерге тренинг өткізу, сондай-ақ ішкі процесс және рәсімдер бойынша тренингтер өткізу.

Рәсімдер мен бақылауды енгізу

ДД-ны жинау және өңдеу бойынша рәсімдерді енгізуді бақылау, оларды енгізу кезінде құқықтық қолдау көрсету.

ДД мәселелері бойынша кеңес беру

Өкілдік

Соттағы және мемлекеттік орган алдындағы өкілдікті қоса алғанда ДД заң бұзушылықтары туралы өндірісті жүргізу.

Жиі қойылатын сұрақтар?

ДД-ны өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны кім тағайындайды?

Қызмет саласына қарамастан кез-келген заңды тұлға – егер ол жеке тұлғаға қатысты, кем дегенде қызметкерлер, сондай-ақ вакантты лауазымдарды иеленуге үміткерлер, контрагенттер қызметкерлеріне қатысты ДД-ны жинап және өңдейтін болса.

ДД-ны өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға дегеніміз кім?

Азаматтық келісім-шарт негізінде компанияның ДД-сын өңдеуін ұйымдастыратын қызметкер немесе маман. Аталған тұлғаға компанияның ДД туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылау, сонымен қатар деректер субъектілерінен сұраныстарды қабылдау мен өңдеуді бақылау міндеті жүктелген.

ДД-ны өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға не істеуі керек?

ҚР «Дербес деректер және оны қорғау туралы» заңы ДД-ны өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаға үш міндет жүктейді:

- ДД туралы ҚР заңнамасының талаптарын, оның ішінде ДД-ны қорғауға қойылатын талаптарды компания және оның қызметкерлерінің орындауын ішкі бақылауды жүзеге асыру;

- Компания қызметкерлерінің назарына ҚР ДД туралы заңнамасы талаптарын жеткізу;

- Субъектілерден ДД-ны қайтарып алуға, субъектілердің құқығын бұзуға және тағы басқа жағдайларға байланысты өтініштерді қабылдау және өңдеуді бақылау.

Кәсіпкердің қалауы бойынша міндеттемелер тізімі кеңеюі мүмкін.