Білімі:

  • Қазақ гуманитарлық-заң университеті, юриспруденция бакалавр (үздік), 2007

  • «Әділет» Жоғары құқық мектебі (Каспий қоғамдық университеті) құқық магистрі (үздік), 2009

  • Ноттингем университеті (University of Nottingham), Англия, LLM in International Commercial Law (үздік), 2010

Тілді білуі:

  • Қазақ
  • Орыс
  • Ағылшын

Қызмет / Қатысу:

  • Заң консультанттар палатасы (KazBar)
  • АХҚО сотында тараптар мүддесін ұсынуға рұқсат етілген

Равиль 2015 жылдан бері өзіне тиесілі «Kassilgov & Partners» компаниясы арқылы жергілікті және халықаралық клиенттерге заңгерлік қолдау көрсетеді. Оған дейін Равиль 9 жыл Қазақстандағы «ZANGER» түңғыш заңгерлік фирмасында жұмыс істеді. Равиль өз кәсіби мансабы барысында әртүрлі халықаралық заңгерлік фирмалармен тығыз іскерлік қарым-қатынаста болып келеді.

Равиль барлық деңгейдегі соттарда, негізінен салық дауларында, сонымен қатар халықаралық арбитраждарда күрделі дау-дамай бойынша компаниялар мүддесін қорғайды.

Мәселен ол:

  • Құны 70 млн. АҚШ долларына жуық салықтық және экологиялық дауда мұнай өндіруші бірлескен кәсіпорынның;
  • Жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам келісімдердің салық дауы бойынша салық төлеушілердің;
  • Жария етілмеген ақпараттарды қорғау туралы дауларда бірнеше халықаралық биофармацевтикалық компанияның;
  • Акционерлер құқығының бұзылуына, сондай-ақ бағалы қағаздармен жасалған операцияларға салық салу мәселелері бойынша ірі банктермен туындаған дауларда шетелдік хедж-қорлардың;
  • Ұжымдық дауларда ірі қазақстандық университеттердің;
  • Алматы қаласындағы жаңадан салынған бизнес-класс тұрғын үй кешенін бұзу туралы дауда ірі құрылыс компанияның мүддесін қорғады.

Равиль бұрғылау жабдығының бұзылуына байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы дау бойынша Лондондағы Халықаралық сауда палатасы жанындағы Халықаралық арбитраждық сотта қазақстандық келісім-шарт құқығы бойынша эксперт ретінде қызмет көрсетті.

Мамандандыру:

Салықтық, кедендік және корпоративтік даулар, фармацевтикалық компанияларды теріс пиғылды бәсекелестіктен қорғау, халықаралық арбитраж.

Мақалалар: