Бақыт Тукулов

Серіктес

Мамандануы

  • — Күрделі коммерциялық даулар
  • — Халықаралық төрелік
  • — Қайта құрылымдау және банкроттық
  • — Әкімшілік даулар
  • — White collar crime (оның ішінде жымқыру, сыбайлас жемқорлық және т.б.)

Байланыстар

Ұялы +7 701 929 04 93
WhatsApp +7 701 929 04 93
Email [email protected]
Linkedin
Youtube

ЖАЛПЫ ЕҢБЕК ӨТІЛІ

18 жыл

Тілді білуі

Қазақ / Орыс / Ағылшын

Серіктес туралы

Бақыт Қазақстандағы ең ірі «GRATA» заңгерлік фирмасында 8 жыл бойы жұмыс істеді және соңғы бес жылда оның сот ісін жүргізу практикасын басқарды. Оған дейін Бақыт төрт жыл көлемінде халықаралық «SALANS» заңгерлік фирмасында (қазіргі «Dentons Қазақстан») қызмет атқарды. Бақыт фирманы құру идеясын ұсынды және оны дамытты.

«Chambers & Partners» халықаралық рейтинг агенттігі Бақытқа жеке рейтинг тағайындады. Сондай-ақ «Legal 500», Asia Law Profiles халықаралық рейтинг агенттіктері де ол туралы жақсы мінездеме берді.

Бақыт Қазақстандағы атышулы дау тудырған бірнеше азаматтық іспен айналысты. Оның қазақстандық арбитраждық институттарда арбитр ретінде мол тәжірибесі бар, сондай-ақ ол Англия, Кипр, Германия, Ресей елдеріндегі сот ісі және арбитраждық істер үшін сараптамалық қорытындылар дайындап, бірнеше рет эксперт ретінде жұмыс атқарды.

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (халықаралық құқық).

«Болашақ» бағдарламасы аясында (АҚШ) Georgetown University Law Center (Халықаралық құқық магистрі).

Кәсіби қауымдастықтар

Қазақстандық заңгерлер қауымдастығы (KazBar)

CEDR сертификатталған медиатор

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы сараптама-консультативтік комиссияның мүшесі

АХҚО сотында тараптар мүддесін ұсынуға рұқсат етілген

Мойындау

«Бақыт Тукулов заңды талдауда және даулардың коммерциялық нюанстарын түсінуде өте жақсы»

Chambers Global 2021

«Үздік маман және сот маманы», сондай-ақ «сот мәселелері бойынша беделді эксперт».

Chambers Global 2020, Band 2

«Білікті эксперт және сот маманы», «дауларды шешу маманы».

Chambers & Partners, Individual, 2020

«Бақыт Тукулов жоғары деңгейлі кәсіби маман. Ол практикалық кеңестер береді және туындаған сұрақтарға жауап беруге әрқашан дайын».

The Legal 500 (EMEA), Recommended Lawyer, 2020

Клиенттер даулы мәселелерде Бақыт Тукуловтың жан-жақты қолдауын атап көрсетеді: «оның кеңесі өте пайдалы болды және ол сотта аса сәтті қызмет көрсетті». Келесі клиент: «Ол коммерциялық және заңдық тұрғыда біздің қажеттіліктерімізді жақсы түсінеді» дейді.

Chambers & Partners, Заслуженный юрист, Band 2, 2019

Мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау кезінде тапсырыс берушімен туындаған жұмыс құнын 300 млн. АҚШ долларынан астам сомаға арттыру туралы даулы жағдайға байланысты қытайлық бас мердігерге кеңес беру

Ондаған миллиард теңгені арқау еткен әртүрлі құрылыс даулары кезінде (20-дан астам) Қазақстандағы мұнай-газ құрылысы саласындағы аса ірі компанияларға сегіз жыл бойы кеңес беру және өкілдік ету (қосымша жұмыстардың құнын өндіру, келісімді даулау, қорғау механизмін жасау, қазақстандық соттардың юрисдикциясына негіз салу, арбитраждық келісімдерді айналып өту, банк кепілдемелерін даулау және т.б.)

Оңалту және банкроттық мәселелері бойынша 15-тен астам компанияға кеңес беру және өкілдік ету (оның ішінде Қазақстандағы қағаз өңдеу саласындағы ірі компанияларға, сондай-ақ мұнай компанияларына)